Ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноталар айналымнан шықты

24 маусымнан бастап ескі үлгідегі 2000 теңгелік банкноталардың айналыс мерзімі аяқталды. Енді олармен дүкендерде және басқа да сауда орындарында төлем жасауға болмайды.
Ұлттық банк 2024 жылғы 25 желтоқсаннан бастап «Сақ стилі» сериясындағы жаңа 2000 теңгелік банкноталарды айналымға кезең-кезеңімен енгізіп келеді. Осыған байланысты ескі және жаңа банкноталар бүгінге дейін қатар қолданылды.
Қолында ескі банкнотасы қалған азаматтар оларды алдағы 3 жыл ішінде екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінде жаңа үлгідегі ақшаға айырбастай алады.
Comments (0)
Add Comment