«Ешнәрсе ұқпайды». Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні жұрттың сынына жауап берді

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні Жібек «ақылын ақшаға емес, тегін айтпай ма?» деп сын тағатын қыз-келіншектерге жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Продюсердің келіні соңғы уақытта «әйел энергетикасын көтеру» тақырыбында тренинг өткізіп жүр. Оқудың бір айлық ақысы 8 мың теңгеге жуық. Алайда бұл бағаны кез-келген қыз-келіншектің қалтасы көтере бермейді. Сондықтан оның кейбір оқырмандары оған «ақылыңды ақшаға сатқанша, тегін айтпайсың ба?» деп жиі сын айтатын көрінеді.

«Ой тегін екен десем. Барлығы неге ақыл айтқыш болып кеткен?», «Тегін өткізбейсің бе?», «Қатыспаймын. Ақшам жоқ», «Қойшы, ақыл сатқыштарын-ай десеңші» деп жазған желі оқырмандары.

instagram.com/zhibekkairatkyzy

Бұл сөздерге қатты ашуланған Жібек оларды «ешнәрсе ұқпайтын ақылсыздарға» теңеді.

«Мен неге өз білімімді тегін оқытуым керек? Бұның артында қаншама дайындық, команда және менің алтын уақытым жатыр. Өзінің біліміне, өзінің дамуына қаражат бөлгісі келмесе, демек, тегін үйретсең де ешнәрсе ұқпайды деген сөз. Осындай қыздар үнемі «негатив» іздеп отырады. Олар қалай өмір сүреді екен?», — дейді Жібек.

instagram.com/zhibekkairatkyzy

Бұған дейін Жібектің «басты проблема — енем!» деп айтқанын Экспресс К жазды. Жібек — Гүлзираның кіші ұлы Заңғардың әйелі.

Comments (0)
Add Comment