Есейхан ауылында дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

Талас ауданына қарасты Қаратау ауылдық округінің орталығы Есейхан ауылында 30 орынға арналған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Жақсылықтағы жұртшылықтың көптен күткен қуанышын бөлісуге аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков арнайы барып, салтанатты шарада ізгі лебізін білдірді. Нұрбол Әбдімәжитұлы өз сөзінде:
«Қолға алған мемлекеттік бағдарламалар мен тың бастамалардың нәтижесінде медицина саласы жылдан жылға жақсарып, жүйеленіп келеді. Оған осы саланы меңгеруге талап білдірген жастардың артуы, ауыл-аймақтарда медициналық нысандардың бой көтеруі дәлел. Аталған нысан медицина саласында биылғы жылы ауданда ашылған 3 нысан. Мәселен, биыл маусым айында Талас аудандық емхана жанынан бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің үздік тәжірибелер орталығы ашылды», — деді аудан басшысы.
Ақ пейілді ауыл халқы қазақы дәстүрмен шашу шашты. Ауыл тұрғындарының шын пейілімен қуанғаны олардың әрбір сөйлеген сөздері мен шуақты жүздерінен көрініп тұрды.
Comments (0)
Add Comment