Ержан Ашықбаев Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды

СІМ

https://turkystan.kz/article/269056-erzan-asyqbaev-syrtqy-ister-ministrinin-birinsi-orynbasary-boldy
Президенттің өкімімен Ержан Ашықбаев Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Айта кетейік, Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев 1974 жылғы 16 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген.

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2012 жылы Гарвард университетінің Джон Ф. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін тәмамдаған. Халықаралық қатынастар саласының маманы, мемлекеттік басқару магистрі.

Дипломатиялық қызметін 1998 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Төртінші департаментінде референт ретінде бастаған. 1999-2007 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Елшілігінде іссапарда болды.

2007-2011 жылдар аралығында ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы, Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші қызметтерін атқарған.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Үкіметінің ресми өкілі болды. 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметін атқарды. 2013-2021 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымында болған.

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалғанға дейін 2021 жылдан бастап Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі лауазымын атқарды.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежеге ие.

Ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/269056-erzan-asyqbaev-syrtqy-ister-ministrinin-birinsi-orynbasary-boldy

Comments (0)
Add Comment