Ертең еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

25 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

25 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Астанада 25 тамызда найзағай күтіледі.

Шымкентте 25-27 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп болжанды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп болжанды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Абай облысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Атырау облысы бойынша төтенше өрт қауіпі күтіледі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды деп болжанды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде найзағай ойнайды, күндіз облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облысының солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанды. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

https://turkystan.kz/article/247754-erten-elimizdin-birneshe-onirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy

Comments (0)
Add Comment