Ерте жүктіліктің, ажырасу мен суицидтің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Мерейлі отбасы – әділетті қоғам» акциясы аясында «Бірлік пен тыныштық – отбасы бақытының негізі» атты кездесу өткізілді.
2025 жылдың 30 маусымы мен 30 шілдесі аралығында елімізде “Мерейлі отбасы – әділетті қоғам” атты бір айлық акция өтуде.
Бұл іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ерте жүктіліктің, ажырасу мен суицидтің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жиында аудан әкімінің орынбасары А.Ахметова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жұмашев, аудандық прокуратураның прокуроры Д.Тұрсыналы, «Отбасын қолдау орталығы» КММ-ның директоры Ж.Қалымбетова және аудандық орталық аурухананың «Сенім» жастар денсаулық орталығының маманы В.Сейтаева тақырыпқа байланысты сөз сөйлеп, олар жанұяда отбасы құндылықтарын сақтау, жастар мен бала тәрбиесі, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін өзара бірлескен іс-шаралардың тиімділігі, жас отбасыларға кеңес, т.б. маңызды тақарыптарда әңгіме өрбітті.
Кездесу барысында әңгімелесулер арқылы әйелдер мен балаларға қатысты эмоциялық және физикалық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы тыныштық пен үйлесімді қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру, қоғамда зорлық-зомбылықсыз өмір сүру мәдениетін орнықтыру отбасы құндылықтарын нығайту көзделеді.
Ақсақалдар кеңесі мүшелерінің өнегелі сөзі мен өмірлік тәжірибесі, психолог пен құқық қорғау өкілдерінің кәсіби кеңестері агрессорлардың мінез-құлқына оң әсер ететініне сенім мол. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта отбасындағы бірлік пен татулықты нығайтып, зорлық-зомбылықтың түбегейлі азаюына ықпал ететіні сөзсіз.

Comments (0)
Add Comment