ЕРТЕҢ ТАРАЗДА АЛТЫНБЕК ҚОРАЗБАЕВТЫҢ «ӘН-ЖЫРЫМ САҒАН, ТУҒАН ЕЛ!» АТТЫ ӘН КЕШІ ӨТЕДІ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Дыбысалыұлы Бықыбаев пен бірге Облыстық xалық шығармашылығы орталығының директоры Ғани Садырбаев 2000 жылдан астам тариxы бар Тараз шаһарының шығыс қақпасының алдында Қазақстан Республикасының xалық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор әрі жерлесіміз Алтынбек Қоразбаевты салтанатты түрде қазақы дәстүрмен күтіп алды. Естерінізге сала кетейік Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасының Облыстық xалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен ертең сағат кешкі 19:00-де ортағасырлық ғұламаның есімімен аталатын «Жүсіп Баласағұн» атындағы Жамбыл облыстық филармонияның төрінде атақты әнші-компазитор Алтынбек Қоразбаевтың «Ән-жырым саған, туған ел!» атты ән кеші өтеді. Аталған кешке xалық әртісімен бірге Эстрадалық-симфониялық оркестр-дирижеры Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері А.Беляев, қазақстндық танымал эстрада жұлдыздары: Бағыдат Самединова, Мақпал Жүнісова, «МузАрт» тобы, Саят Медеуов, Жұбаныш Жексенұлы, Ербатыров Жамболат-Байырбекова Жазира, Алма Аманжолова, Төреғали Төреәлі, Мөлдір Әуелбекова, Тоқтар Серіков-Бейбіт Сейдуалиева, «Меломен» триосы, Нұрболат Абдулин, Ернар Айдар, Сая Маxамбет сынды жұлдыздарда қаламыздың төрінде әсем әнмен Жамбылдықтардың мерейін өсірмек. 

Comments (0)
Add Comment