Жоғары деңгейдегі невропотолог, логопед, дефектолог, травмат-ортопед мамандарын шақырту арқылы балалармен жұмыстар жүргізілді
Ағымдағы жылдың қазан айының 13 күні сағ: 09-30-13-00 аралығында Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы Сарысу аудандық мүгедек балаларды бейімдеу және оңалту орталығында Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен Сарысу ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларды жоғарғы деңгейдегі невропотолог Нұргелді Шетбаев, логопед Айман Ахметбекова, дефектолог Венера Бектұрғанова, травмат-ортопед Қайрат Жанысбаев мамандарын шақырту арқылы балалармен қабылдау жұмыстары жүргізілді. Қызметкерлер келген қонақтарды таныстырып, оңалту орталығына қарасты балаларды толық қабылдап сол мекемеде қызметкерлермен дәрігерлер тәжірибе алмасты.
Дәрігерлер 14:30 -17:00 аралығында Сарысу аудандық орталық ауруханасында аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларды қарап, ата-аналарының алғысын алды. Ауданға келген дәрігерлер мүмкіндігі шектеулі балаларға жақсы лебіздерін айттып, болашақта балалардың денсаулықтарының жазылып кетуіне тілектерін айтты. Облыс көлемінде қолдау көрсетіп арнайы жоғары деңгейдегі дәрігерлермен қамтамасыз еткен. Жамбыл облысы денсаулық басқармасына және аудандық орталық ауруханасы мен аудандық мүгедек балаларды бейімдеу және оңалту орталығы қызметкерлеріне ерекше алғыстарын білдірді. Осындай игі іс-шаралар аудан көлемінде жалғасын табуда.
turaninfo.kz