Ердоған Астанада өткен кездесуде Путинмен не жайлы сөйлескені туралы айтты

Түркия басшысының айтуынша, екі ел басшыларының арасындағы әңгіме азық-түлік дағдарысын шешу туралы болған.

Путин мырзамен соңғы кездесуде біз жартылай дамыған немесе дамымаған елдерге, атап айтқанда Африка мемлекеттеріне астықты қоспағанда, не бере алатынымызды талқыладық. Бұл не болуы мүмкін? Тыңайтқыштар. Өйткені құрғақшылық қатты болған елдерде бұл мәселені тыңайтқыштардың көмегімен жою керек”, — деді Ердоған Диярбакырда сөйлеген сөзінде.



Ол қазіргі шиеленісті әлемдік жағдайда Ресей және Украина президенттерімен келіссөздерді тоқтатпайтынын атап өткен. Соңғы бір айда Ердоған, өзінің есептеулері бойынша, Путинмен бес рет сөйлессе Зеленскиймен де осынша рет сөйлескен. Сондай-ақ түрік басшысы АҚШ президенті Джо Байденмен Украинадағы қақтығыс пен оны шешу мәселесін жиі көтеретін диалог жүргізіп жатқанын жасырмады.

Еске салайық, Ердоған мен Путин соңғы рет 13 қазанда Астанадағы саммитте жолыққан. Кездесуде Түркия президенті Ресей Федерациясы басшысының қатысуымен Украинадағы қантөгісті тоқтатуға шақырған. Путин өз кезегінде елордада өткен баспасөз мәслихатында журналистерге өзінің барлық әрекеттерінің «дұрыс және дер кезінде жасалғанын» айтқан.

https://stan.kz/erdogan-astanada-otken-kezdesude-putinmen-ne-zhayli-soy-372335/

Comments (0)
Add Comment