Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды

Ерболат Досаев  Алматы қаласына әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Ұлттық банк басшысы болды.

1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған.

1987 жылы – Алматы қаласының О.Жәутіков атындағы Республикалық физико-математикалық Мектеп-Интернатын бітірді.

Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.

1997 ж. – «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ Басқарма Төрағасы;

1998 ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңесшісі;

1998 ж. – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі;

2000 ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;

2001 ж. – Қазақстан Даму банкі Директорлар Кеңесінің Төрағасы;

2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы;

2003 – 2004 жж. – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі;

2004 – 2006 жж. – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

2006 – 2012 жж. «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы;

2012 жылғы 25 қыркүйектен Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі.

2013 жылғы 16 қаңтардан Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2014 жылғы 6 тамызы – 2016 жылғы 5 мамыр аралығында -Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен (№ 880) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

2016 жылғы 16 мамырда – «Бәйтерек»Ұлттық басқарушы холдингі басқармасының төрағасы болып тағайындалды.

Осыған дейін Ұлттық банкті басқарып келді.

 

aikyn.kz

Comments (0)
Add Comment