Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының прокурорын қабылдады

Өңір басшысы Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровті қабылдады.

Кездесу барысында өткен кезеңдегі басым бағыттар бойынша жүргізілген қадағалау жұмыстарының нәтижелері, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау үшін қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Облыс әкімі қоғамның барлық саласында заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Бұл күні Ербол Қарашөкеев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Мереке Кучекбаевты да қабылдады.

Еліміздің әскери округтарының ішіндегі құрамы мен жауынгерлік мүмкіндіктері бойынша ең қуаттысы болып табылатын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының ағымдағы жылдың қыркүйек айында құрылғанына 23 жыл толады.

Ұйымдық-штаттық құрылымға, әскери бөлімшелер мен мен әскери инфрақұрылым нысандарына қатысты мәселелер талқыланды.

Жамбыл облысы әкімдігі
Comments (0)
Add Comment