Ербол Қарашөкеев Талас ауданында жұмыс сапарымен болды

6 ақпан күні Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданы­на жұмыс сапарымен келіп, тамақ өнеркәсібі және көлік саласындағы ірі жобалардың іске асырылу барысымен танысты.
Өңір басшысы «Artaza» суб­лимацияланған сүт өнімдерін өндіретін цехтың және «Қа­ратау» теміржол станциясының құрылыс алаңдарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді.
Ербол Қарашөкеев аталған жо­балардың өңір үшін стратегиялық ма­ңызы зор екенін атап өтіп, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ, бұл күні күрделі жөндеуден өткен №4 «Үміт» ар­найы мектеп-интер­натының тыныс-тіршілігімен танысты.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Comments (0)
Add Comment