Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға Тараз қаласынан және Қордай, Сарысу аудандарынан жазылған азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.

Атап айтқанда, Жаманқұл Айнабеков есімді тараздық тұрғын Жамбыл ауданы, Ш.Ниязбеков ауылына мәдениет үйін, Бесжылдық ауылындағы «Фельдшерлік-акушерлік пункт» орнына дәрігерлік амбулатория салу, Спорт кешенін және Әкімшілік ғимаратын салу мәселесін көтерді. Ал тараздық Ержан Тұрлыбеков есімді азамат үйінің қасынан сауда орнын ашуға жер сұрады.

Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар әлеуметтік көмек көрсету, мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шығу және өзге де мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті.

Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
Comments (0)
Add Comment