Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті мәрте азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар баспана, медициналық қызмет, кәсіпкерлікке қолдау, көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру, жол белгілерін орнату және өзге де мәселелер бойынша өтініш-тілектерін білдірді.
Ербол Қарашөкеев барлық азаматтың сауалын мұқият тыңдап, заң талаптарына сәйкес жауап берді.
Қабылдау қорытындысы бойынша облыс әкімі азаматтардың мәселелерін жіті зерделеудің маңыздылығына тоқталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Қосымша уақытты қажет ететін түйткілдерді өңір басшысы жеке бақылауына алатынын жеткізді.
Еске сала кетейік, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау алдын ала жазылу бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылады.