Енді жұмысқа орналасар кезде әскери билет талап етілмейді

Бұдан былай  жұмысқа орналасу немесе оқуға түсу кезінде әскери билет сұралмайды.

Қорғаныс министрлігінің берген ресми мәліметі бойынша, әскери қызмет өткеруге жататын адамдарды және мерзімді әскери міндеттілерді әскери есепке алу қағидаларының 6-тарауына сәйкес заңды тұлғалар әскери есепке алуды жүргізуге міндетті.

Заңды тұлғалардың әскерм есепке алуды жүргізген кездегі негізгі міндеттерінің біріне жұмысқа немесе оқуға қабылданған азаматтардың әскери есепке алу мәртебесін анықтау жатады. Осыған байланысты кадр бөлімдері әскери есепке алу құжаттарын (әскери билет, тіркеу туралы куәлік), әскери қызмет өткергенін растайтын анықтамаларды сұрататын.

Ендігі кезекте, Қарулы Күштердің жүргізіліп жатқан цифрлық трансформациясы бұл талаптарды жоюға мүмкіндік берді.

«Жұмысқа (оқуға) қабылданған азаматтардың әскери есепке алу мәртебесін анықтау үшін енді жұмыс берушіге Қорғаныс министрлігінің ақпараттық жүйесінен әскери есепке алу туралы ақпаратты бір рет басу қажет», – делінген министрлік хабарламасында.

Arainfo

Comments (0)
Add Comment