https://turkystan.kz/article/262840-endi-balasy-boqauyz-soz-aitsa-ata-anasyna-aiyppul-salynady
Балағаттау, боқауыз сөз айту – Қазақстан Республикасының заңы бойынша «Ұсақ бұзақылық» бабымен қаралады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Енді Қазақстанда балалар біреуді балағаттаса немесе бейәдеп сөз айтса ата-анасына айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері баланың жасына қарай тағайындалады:
12 жасқа дейін: 10–15 АЕК. Жауапкершілік толықтай ата-анада;
14–16 жас: 7 АЕК, яғни 27 524 теңге. Айыппұл ата-анасына салынады;
16–18 жас: 10 АЕК-ке дейін, яғни 39 320 теңге. Айыппұл жасөспірімнің өзіне салынуы мүмкін, егер табысы болмаса, ата-анасы төлейді.