ЕҢБЕКТЕРІ ЕРЕН ЕРІКТІЛЕР

Биылғы жыл басқа жылдардан өзгерек болғаны баршаға аян. Әлемдегі жағдай біз айтасақ та түсінікті. Дегенмен еліміздің 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялауы да тегін болмаған секілді. Пандемияға қарсы шаралардың басы-қасында волонтер жастардан бөлек, облысымыздың белсенді азаматтары да алдыңғы шепте қызме атқарғаны рас. Осы орайда Президент Қ.Тоқаев ерекше көзге түскен азаматтарды көтермелеу мақсатында «Халық алғысы» медалін тағайындаған болатын.

Облысымызда короновирустық инфекциямен күресте ерекше көзге түскен азаматтарды көтермелеу мақсатындағы арнайы «Халық алғысы» медалімен 35 жас волонтер марапатталды.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде «Әулиеата жастары» волонтерлық штабында қызмет атқарған 180 жас облыс, қала және аудан әкімдерінің Құрмет және Алғыс хаттарына ие болды.

Бұдан бөлек, екі волонтер мемлекеттік наградамен марапатталды. Атап айтқанда, белсенді де жемісті қамқоршылық қызметі мен қайырымдылық ісі үшін берілетін «Шапағат» медалімен Жамбыл облыстық «Өркен-ниет» қоғамдық қорының президенті А.Базаров пен «Жамбыл жастары» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Н.Дятлова марапатталды.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының «Корпоративті волонтерлік көшбасшылары» номинациясы бойынша облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы» қозғалысының төрайымы Х.Турдыева, «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша Қордай аудандық ҚХА мүшесі, жастар қозғалысының белсендісі С.Насыров иеленді.

Қандай жағдай болмасын елі үшін көмекке дайын тұратын азаматтар аман болсын!

Comments (0)
Add Comment