ЕҢБЕК — ЫРЫС, БАЙЛЫҒЫҢ!

Аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Еңбек күніне арналған «Еңбек — ырыс, байлығың» атты сыр-сұхбат өтті.
Шараның мақсаты, жалпыға ортақ еңбек қоғамын құрудағы еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау.
Жиынға ардагер аналар, аудандық емхананың қызметкерлері, «Казфосфат ГПК» ЖШС-нің жұмысшылары, колледж студенттері қатысты.
Жиынға қатысушылар еңбек, еңбек адамы, жалпыға бірдей еңбек қоғамын құру туралы ойларымен бөлісті.
Адал еңбек қана табысқа жеткізетіндігі айтылды.
Еңбек түбі — береке» атты кітап көрмесіне шолу жасалады.
Сарысу ауданы
Comments (0)
Add Comment