Еңбек адамдарының құқықтары күшеюде

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков ҚР Конституциясының жаңа жобасын жан-жақты түсіндіру мақсатында «Таразэнергоорталығы» АҚ ұжымымен кездесті.
Жиында шаһар басшысы Ата заңның жаңа жобасындағы өзгерістердің еңбек адамдарының құқықтарын күшейтуге, қазақстандық қоғамға тән өзекті құндылықтар мен қағидаттарды айқындауға, сондай-ақ саяси институттардың тиімділігін арттыруға бағытталғанын айрықша атап өтті.
Келесі кезекте қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай жобада көрініс тапқан маңызды баптар мен басты өзгерістер туралы баяндады.
Кәсіпорын қызметкерлері де конституциялық реформа еліміздің баянды болашағы жолындағы маңызды қадам екенін айтып, саяси өзгерістер жөнінде ой-пікірлерін жеткізді.
Кездесуді қорытындылаған Бақытжан Әмірбекұлы әділет пен заң қағидалары үстемдік еткен мемлекетті қалыптастыру – баршаға ортақ жауапкершілік екенін айтып, еңбек адамдарын саяси өзгерістерге үн қосуға шақырды.
Конституциялық реформа аясында қала аумағында қазір арнайы 8 ақпараттық-түсіндіру тобы өз жұмысын бастады. Оның құрамында қоғам қайраткерлері, депутаттар және белсенді азаматтар бар. Топтың басты міндеті – жаңа Ата заң жобасының мазмұнын халыққа жан-жақты түсіндіріп, еңбек ұжымдары және қала тұрғындарымен ашық пікір алмасу.
Comments (0)
Add Comment