Еңбегі– өшпейтін із, мәңгілік өнеге

Қимастық – жүректі тербейтін ерекше сезім…
40 жылдан астам ұстаздық жолында талмай еңбек етіп, сан ұрпаққа білім мен тәрбие берген, ұжымымыздың тірегі болған ардақты басшымыз Айман Дүйсенқызы кешегі күні абыроймен қызметін өткізіп, зейнеткерлік демалысқа кетті. Бұл – бір жағынан қуаныш, екінші жағынан қимастыққа толы сәт.


Сіздің әр ісіңізден даналық пен сабырлылықты, жауапкершілік пен адамгершілікті көрдік. Ұжымға бағыт-бағдар беріп, әрқайсымызға қолдау көрсетіп, үлкен мектеп қалыптастырдыңыз. Сіздің еңбегіңіз – өшпейтін із, мәңгілік өнеге.
Бүгін біз Сізбен қоштаса отырып, жүрегімізде үлкен алғыс пен шексіз құрмет сезімін сақтаймыз. Сіздің еңбегіңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің жетістігіне қуанып, немере-шөберелеріңіздің қызығына бөленіп, деніңіз сау, ғұмырыңыз ұзақ болсын деп тілейміз.
Сіз біз үшін әрқашан қадірлі жан болып қала бересіз.

Талас Ауданы Білім Бөлімі

Comments (0)
Add Comment