ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Асыраушы саланың ардагерлеріне жоғарғы марапатты ұсынды
Ауылшаруашылық экономиканың негізі саласы екені белгілі.
Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly Ауылшаруышылық күні мерекесіне орай асыраушы салада талай жыл еңбек етіп, әлі күнге дейін қара жерден ризығын тауып жүрген азаматтарға лайықты құрмет көрсетті.
– Ауылшаруашылықтан алғаш еңбек жолымыз бастағаннан кейін бұл саланың жұмысы өзіме жақсы белгілі. Бұл марапатты көптен күткен едік, — деген Ерлан Қыдыралыұлы ауылшаруашылық саласының дамуына сүбелі үлес қосқан Нұрлан Тұрарбекұлына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Еңбек ардагері төс белгісін және Өміржан Әбсаттаровқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет Грамотасымен табыстады.
Өз кезегінде құрмет төріне озған азаматтар елеп-ескерген басшыларға алғысын білдірді.
Марапаттау рәсіміміне «Фермерлер одағы» Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дулат Сұлтанбеков және бірқатар басшылар қатысты.
Comments (0)
Add Comment