Елтаңбасы бар жәшікті дәретханаға қойған

Жағдай Түркістан облысында болған. Тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру жүргізіп, бұның аудандық мектепте болғанын анықтады.
Нәтижесінде аталмыш мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына ҚР ӘҚБтК-нің 458-бабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу» бойынша хаттама толтырылды.
Сонымен қатар мектеп басшылығына мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы және заң аясында қорғалатыны қатаң ескертілді.

Талғар Газеті

Comments (0)
Add Comment