9 қазанда елордада Astana Marathon-2022 жыл сайынғы спорттық іс-шара өтеді. Марафонға қатысуға ниет білдірген қала тұрғындары мен қонақтары 42.2 км және 10 км қашықтықта өз күштерін сынап көре алады деп хабарлады turkystan.kz.
Astana Marathon дайындығы әртүрлі деңгейдегі қатысушыларды тартады. Мәселен, әуесқойлар үшін Бостон марафонына, кәсіби спортшылар үшін Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алу мүмкіндігі бар. Ұйымдастырушылар атап өткендей, жүгірушілерді жеке рекордты жақсарту ықтималдығы жоғары тегіс трек қызықтырады.
Марафонға қатысушыларға 42.2 км (18 жастан асқан), сондай-ақ 10 км (16 жастан асқан) қашықтықтар ұсынылады. Айта кетсек, биылғы марафонда «көшбасшылар тақтасы» пайда болады.
Айта кету керек, марафон тек ауқымдылығымен және халықаралық мәртебесімен ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның қайырымдылық ұйымдарының қолдауымен де танымал. 2009 жылдан бастап марафондар арқылы 39 425 458 теңге жиналып, мұқтаждарға көмек көрсетілді.