Елордада алғаш рет ашық жүрекке операция жасалды

istockphoto
https://turkystan.kz/article/261954-elordada-algas-ret-asyq-zurekke-operaciia-zasaldy

Астана қаласының №1 көпбейінді қалалық ауруханасында ашық жүрекке алғашқы операция сәтті жасалды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл оқиға республика үшін стратегиялық маңызы бар жаңа кардиохирургиялық бөлімшенің ресми жұмысын бастағанын білдіреді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жүрек-қан тамырлары аурулары – Қазақстанда өлім мен мүгедектіктің негізгі себептерінің бірі. Ишемиялық жүрек ауруы, жүрек қақпақшаларының ақаулары, инфекциялық эндокардит пен аорта аневризмасы сияқты патологияларды уақтылы және жоғары технологиялық емдеу аса маңызды. Енді жаңа бөлімше арқылы елорда тұрғындары ғана емес, еліміздің түрлі өңірлерінен келген науқастар да жоғары технологиялы мамандандырылған, жоспарлы және шұғыл кардиохирургиялық көмек ала алады.

Атап айтқанда, бөлімшеде коронарлық артерияны шунттау, жүрек қақпақшасының туа біткен және жүре пайда болған ақауларына реконструктивті және протездеу операциялары, инфекциялық эндокардитті заманауи әдістермен емдеу, сондай-ақ басқа да күрделі араласулар жүргізіледі.

Астананың халқы үнемі артып отырғанын ескерсек, бұл орталық тек қала тұрғындары үшін ғана емес, республиканың әр түкпірінен келетін пациенттерге, әсіресе шұғыл жағдайларда, дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде республикалық кардиохирургиялық орталықтар шамадан тыс жүктеліп, бұл өмірлік маңызды көмектің кешігуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан елордада жаңа бөлімшенің ашылуы — уақыт талабынан туындаған қажеттілік.

Жаңа кардиохирургиялық бөлімшенің ашылуы ЖИА мен жіті коронарлық синдромның асқынуынан болатын өлімді азайтуға, жүрек қақпақшасы ақауы бар науқастардың өмір сүру сапасын арттыруға, инфекциялық эндокардит кезіндегі өлім-жітімді төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның кардиология және кардиохирургия саласында жасалған ірі әрі маңызды қадамдардың бірі саналады.

Comments (0)
Add Comment