ЕЛІНЕ ЕҢБЕГІ СІҢГЕН АРДАГЕР АРДАҚТАЛДЫ

1 қазан — Халықаралық қарттар күні.
Бүгінде республикада 2 миллионнан астам жасы зейнет жасындағы азамттар тұрады.
Әрбір азаматтың лайықты қартаюын қамтамасыз ету – Үкіметтің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі.
Мемлекет зейнетақымен қамтамасыз етуді жақсарту бойынша жүйелі шараларды жүзеге асырады.
Жыл сайын олардың зейнетақысы ұлғайтылып тұрады.
Өңіріміздің өрістеп, көшіміздің өрге басып, өркен жаю жолындағы қариялардың ерен еңбектерінің арқасында.
«Ауылыңда ақсақалды қария болса – жазулы тұрған хатпен тең», – деген бабалар даналығын өмір тіршілігіне биік мұрат еткен халқымыздың бүгінгі ұрпағы қай кезеңде де үлкенді ұлық тұтып, кішіге ұлағат қалдырған.
Өз ісіне адал болу, тапсырылған жұмысты жауапкершілікпен атқару ең алдымен адамның жауапты міндеті болса, екіншіден жоғарғы ерекшелігі, қарызы, қоғам алдындағы парызы.
Елінің патриоты болып, халқының адал перзенті екенін бойына сіңіріп, қоғамға пайдалы, тиімді еңбегімен адал тер төгіп жүрген азаматтар арамызда баршылық.
Олар атқарған істерін, кейбір жандар секілді алға тартып, түймедейді түйедей етіп көрсетпей-ақ неғұрлым қарапайымдылықты сақтайды.
Сондай азаматтың қатарында Талас ауданының Құрметті азаматы, ауданға еңбегі сіңген қайраткер Сулхадин Темірұлының шаңырағында болып, мерекемен құттықтап, естеліктерімен бөлісіп қайттық.
Сыйлап келіп жатқанымызға алғысын білдірген қария, елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.

 

https://www.facebook.com/100028683189584/posts/pfbid02pCgvgjssVtAFqJNymVAZKRgyiB1p58vZxQAHVoW2A6x724CU3Y68vNNKP2DB9ZSwl/?app=fbl

Comments (0)
Add Comment