Қазақстанның телефон коды +77 болып өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Біздің қазіргі нөміріз +7 деп басталады. АҚШ-та болған кезде Халықаралық электр байланысы одағының басшысы Дорин-Мартинмен кездестім. Ол кісімен осы мәселені тағы да талқыладық. +997 нөміріне көшу қиын емес. Ол нөмірге рұқсат беріліп, резервке қойылған. Алайда, оның орнына +77 нөмірін қалдырса деген ұсынысты одақ басшысына жеткіздім. Бізге өзгерту туралы ұсынысты талқылауға уәде берді», – деді Бағдат Мусин.
https://turkystan.kz/article/216545-elimizdin-telefon-kody-ozgerui-mumkin/