Елімізде қанша БАҚ жұмыс істейді?

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 5303 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген.
Оның ішінде:
3181 – мерзімді баспасөз басылымы;
253 – телеарна;
97 – радиоарна;
1457 – ақпарат агенттігі мен интернет-басылым;
315 – шетелдік телеарна.
Сондай-ақ медиа саласы «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы», «Масс-медиа туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдармен реттеледі.
Comments (0)
Add Comment