Елімізде 35 млн тонна мал азығы дайындалды

АШМ

https://turkystan.kz/article/268614-elimizde-35-mln-tonna-mal-azygy-daiyndaldy
2025–2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасып жатыр.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 24,7 млн тонна шөп (жоспардың 100,9%-ы), 1,8 млн тонна пішендеме (108,6%), 2,7 млн тонна құрамажем (48,9%), 1,8 млн тонна сабан (88,0%), 3,7 млн тонна сүрлем (79,6%) дайындалды.

Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (125, 2%), Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында (100%), сондай-ақ Жетісу облысында (104,5%) жоспар орындалғаны байқалады.

Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/268614-elimizde-35-mln-tonna-mal-azygy-daiyndaldy

Comments (0)
Add Comment