Қазақстанда халыққа онкологиялық көмек көрсету шараларын күшейту жоспарланып отыр. Тиісті мәселе ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды деп хабарлады turkystan.kz.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният республикада онкологиялық аурулары бар 205 мыңнан астам пациенттің динамикалық бақылауда тұрғанын, жыл сайын 37 мыңнан астам жаңа жағдай анықталатынын, қатерлі ісіктен 13 мыңнан астам адам қайтыс болатынын баяндады. 2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша жоғары көрсеткіш Қостанай, Ақмола, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында байқалады.
Онкологиялық медициналық көмекті одан әрі жетілдіру мақсатында Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленді. Оның шеңберінде онкологиялық скринингтік бағдарламаларды кеңейту, адам папилломавирусына қарсы вакцинациялауды енгізу, қажет болған барлық өңірлердегі онкологиялық орталықтарды жөндеу, сондай-ақ олардың диагностикалық жабдықтарын жаңғырту жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, Алматыда, Атырау, Алматы, Ұлытау, Жетісу және Ақтөбе облыстарында жаңа онкологиялық орталықтардың құрылысы, ал Астанада Протонды терапиямен жабдықталған Ұлттық ғылыми орталықтың ашылуы күтілуде.
Сондай-ақ ісікке қарсы жаңа дәрілік заттарға қолжетімділікті арттыру, онкологиялық пациенттер үшін мобильді бригадалар желісін кеңейту, ғылымның тиісті бағыттарын және жалпы кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі шаралар көзделген.
Отырыста Астана қаласының бас онкологы, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегері Мұхтар Төлеутаев та өз ұсыныстарын білдірді.
Премьер-министр тіпті ең заманауи медициналық технологиялар болған жағдайда да онкологиялық ауруларды емдеу әлі де бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау салалары үшін үлкен сынақ болып қала береді. Осылайша, Қазақстанда жыл сайын онкологияның 37 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталады. Бұл ретте, 20 жыл ішінде өлім-жітім деңгейінің 33%-ға төмендеуіне қарамастан, қатерлі ісік жыл сайын 13 мыңнан астам адамның өмірін қияды.
https://turkystan.kz/article/214885-katerli-dertke-shaldykkan-azamat-inisin-asyrau-ushin-zhumys-istep-zhur/