ЕЛІ ҮШІН ҚҰРБАН БОЛҒАНДАР ЕШҚАШАН ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Солақай саясат халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Әрине, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ұрпағы ұмытпақ емес. Жыл сайын мойынқұмдықтар дәл осы күні арнайы ескерткіш алдына жиылады. Биыл да 31 мамыр күні аудан орталығындағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының құрметіне қойылған ескерткіш алдында жиналған көпшілік ата-баба рухына тағзым етіп, ескерткіш алдына гүлшоқтарын қойды.
Салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі бір минуттық құрбандарды еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен басталып аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов пен саяси қуғын-сүргін құрбаны Ердос Нұралиевтың келіні Есенбике Ердосовалардың сөзімен жалғасты.
Содан соң Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары арнайы дайындаған әдеби монтажын ұсынды. Жиын соңында жиналғандар ескерткіш маңына естелік суреттерге түсті.
Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ,
«Мойынқұм таңы».
Comments (0)
Add Comment