Елена Рыбакина Президенттің құттықтауына жауап берді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауына жауап берді, – деп хабарлады turkystan.kz. 

Бұған дейін 23 жастағы спортшымыздың Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз. Отандасымыз финалдық кездесуде әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы айқын басымдықпен жеңген.

Жарыстан соң Президент Рыбакинаны айтулы жеңісімен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. Спортшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын Instagram парақшасындағы Stories-інде бөлісіп, Қазақстанның туы мен жүрек эмодзиін белгіледі.

Айта кетейік, осы жеңісінен кейін Рыбакина спорттық мансабында алғаш рет әлемдік рейтингіде жетінші орынға көтерілді.

https://turkystan.kz/article/217673-elena-rybakina-prezidenttin-kuttyktauyna-zhauap-berdi/

Comments (0)
Add Comment