Елдос Ерғабылұлы аудандық «Мойынқұм таңы» газетіне бас редакторы болып тағайындалды

Елдос Ерғабылұлы 1992 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген.

2010 — 2014 жылдары Алматы қаласы, ҚазҰУ университеті, «Экономика және бизнес жоғары мектебі» факультеті, «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2014-2019 жылдары Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының құқықтық еңбек инспекторы болып бастаған.

2019 жылы 6 ай Мойынқұм ауданы әкімі аппаратының кадр бөлімшесінің бас маманы, 2020 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Мойынқұм аудандық білім бөлімінің әдіскері болып қызмет істеп келген.

Comments (0)
Add Comment