Бүгін Елбасының қатысуымен өтетін жалпыұлттық телекөпір аясында бірнеше индустриялық жоба іске қосылады.
Сонымен қатар іс-шара барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алтын сапа», «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтеді. Атаулы оқиғаға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысында елімізде 6 триллион теңгеге мыңнан аса кәсіпорын ашылып, 100 мың жұмыс орны құрылды. 2010 жылы бастау алған бұл жоба экономикамызды едәуір ілгерілетуге серпін бергендіктен, 2015 жылдан бастап екінші бесжылдықта жалғасын тапты.