Елбасы биылғы Жолдауында өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген тұрғындар мәселесіне ерекше тоқталып: «Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек» – деген еді.
Қазіргі таңда, ауылдық округтерде нақты тірліктер қолға алынып, жұмыстар атқарылуда. Тұрғындар бағдарламалардың игіліктерін түсініп, мал асылдандыруға, етті мал бағуға көптеп ден қоюда, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.
Диқан ауылдық округіне қарасты Аймантөбе ауылында «Думан» шаруа қожалығы «Даму» қорынан алған 15 млн. теңгеге 100 басқа арналған мал бордақылау алаңын салып, іске қосты.