Ел ертеңінің тірегі»

Шу аудандық “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне және Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы армия генералы С.Қ.Нұрмағанбетовтың 100 жылдық мерейтойына орай «Ел ертеңінің тірегі» атты аудандық спартакиада өтті. Турнирге жалпы саны 12 команда қатысып, кім үздікті анықтады.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған айтулы шараның ашылу рәсіміне аудан әкімі орынбасары Найман Кенжеханұлы қатысып жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

5 сайыс бойынша өткізілген жарыс қорытындысында үздіктер қатарынан “М.Әуезов” командасы 3 орынға, “Е.Бекмаханов” командасы 2 орынға, “Б.Момышұлы” командасы 1 орынды иеленіп жарыс жеңімпаздары атанды.
Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы марапат қағаздарымен, бағалы сыйлықтар табыс етілді

Comments (0)
Add Comment