istockphoto
https://turkystan.kz/article/268610-el-aumagynda-zer-silkinisi-boldy
5 қазанда таңертең қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасының Ядролық физика ұлттық зерттеу орталығына қарасты Геофизикалық зерттеулер институтының жедел мәліметтеріне сәйкес, жер дүмпуі Астана уақытымен сағат 11:20-да (Гринвич уақытымен 06:20) болған.
Сейсмологтардың ақпараты бойынша, жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан.
Эпицентр координаттары – солтүстік ендік 40,47°, шығыс бойлық 77,15°. Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,5, энергетикалық класы – K=10,4, – делінген Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының хабарламасында.
Қазіргі уақытта жер дүмпуі Қазақстан аумағында сезілгені немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/268610-el-aumagynda-zer-silkinisi-boldy