ЕҚЫҰ: Украинадағы соғыстың шиеленісуі әсерінен адам саудасы қызып тұр

ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Мария Шмид Украинадағы жағдайдың шиеленісуінен кейін адам саудасының айтарлықтай өскенін мәлімдеді. Бұл туралы Германияның Tagesschau телеарнасында мәлімдеді.

Оның атап өтуінше, интернетте украиналық әйелдер мен балалардың порнографиялық суреттері мен сексуалдық қызметтеріне сұраныс 600 пайызға артқан. Сонымен қатар, жүкті әйелдерді сату фактілері де көбейген. ЕҚЫҰ Бас хатшысының айтуынша, жәбірленушілер желіде жалған уәделермен алданып, қабылдаушы мемлекеттердің жеке резиденцияларында зорлық-зомбылыққа ұшырайды, көбіне оларды шекарада жасырын адам саудагерлері ұстаған.

«Бұған жиі ұйымдасқан қылмыстық топтар араласады. Бұл қылмыскерлер көмекке мұқтаж, ақша табуы керек, жаңа елдің тілін білмейтін және соғыс қимылдарының салдарынан жиі психологиялық жарақат алған адамдарды қолданады», – деді ол. Шмид қылмыскерлер көбінесе жазасыз қалатынын, өйткені құрбандардың бір пайызынан азын анықтауға болатынын атап өтті.

Бұған дейін Еуропалық комиссия адам саудагерлерімен күресті күшейтуге шақырған болатын. Еуропалық ішкі істер комиссары Йлва Йоханссон қылмыстың бұл түрінің алдын алу және онымен күресу үшін қатаң ережелерді енгізу керектігін айтты. Ол адам саудасының құрбандарын пайдаланудан алынған қызметтерді біле тұра пайдалануды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды.

bugin.kz
Comments (0)
Add Comment