Дәрігерлердің мәліметінше, ауруы асқынған бір бүлдіршін жансақтау бөліміне жатыр. Олардың айтуынша, кішкентай науқастардың 80 пайызы кезінде екпе салдырмағандар екен.
Көкжөтел жұқтырғандар былтыр күзден бастап тіркеле бастаған. Жаңа жылдан бері тіпті қарқын алыпты. Бүгінге дейін 48 бала ауырған. Көбі емделіп щыққан. Қазір ауруханада 6 бала жатыр. Біреуінің жағдайы ауыр. Оған ұзақ уақыт диагноз дұрыс қойылмай ауруы асқынып кеткен. Өйткені көкжөтелді көбінесе кәдімгі тұмаумен шатастырады. Балаға қатты әсер ететін кесел дендесе, өкпе қабынып, ауа жетпей, ми зақымдалады. Екі жасқа дейінгі бала тоқтамай жөтелсе, қабырғасы сынатын көрінеді. Тыныс алу жолдары бітелсе, тек жансақтау бөлімінде емдеу керек. Үйде емделуге тыйым салынады. Дәрігерлердің айтуынша, бұл ауру – бала туғаннан кейін 18 айға дейін көкжөтелдің екпесін салдырмаудың салдары.
“2020 жылдарда осы аурудың өсімі байқалды. Ол негізінен дамымай қалған, кедей елдерде көп тіркелді. Ал бізде басқа проблема. Мемлекет вакцинамен жеткілікті деңгейде қамтыса да, екпеден бас тартатындар көбейді. Оның салдары ауыр болатынын тұрғындар түсіне бермейді”, – дейді жұқпалы аурулар ортhttps://stan.kz/ekpe-saldirmagan-karagandi-oblisinda-balalar-arasinda-k-397090/алығының дәрігері Роза Бегайдарова.
https://stan.kz/ekpe-saldirmagan-karagandi-oblisinda-balalar-arasinda-k-397090/