Екпе егудің екінші кезеңі басталды

Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасы бойынша коронавирус індетіне қарсы екпе жасау  вакцинаның түсуіне байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Екінші кезеңде  вакцинацияның алғашқы  кезеңіне кірмей қалған  медицина қызметкерлері мен жалпы  білім беретін мектептер педагогтары  қамтылды. Жалпы аурухана бойынша екінші кезеңде вакцинация жасауға 300 доза вакцина алынды. 2021 жылдың 4- 10 наурыз күндері аралығында барлығы 250 адамға коронавирус жұқпалы ауруына қарсы екпе жасалынды, оның ішінде 240 медицина қызметкері және 10 білім беру қызметкерлері кіреді.

Бірінші және екінші  кезеңде «Спутник V» вакцинасы 2 компонентті  вакцина қолданылды. Аталған   вакцина 21 күндік аралықпен екі кезеңмен егілді. Екпе жасау үшін барлық азаматтар дәрігердің қарауынан өткізіліп, рұқсат берілді. Екпе салынған соң 30 минуттық бақылауда болады.  Осы уақытқа дейін вакцинадан кейінгі асқыну, қолаңсыз жағдайлар тіркелген жоқ.  Емханада егу жұмыстары қатаң түрде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес ұйымдастырылды . Емхананың арнайы дайындалған медицина қызметкерлерінің командасы егу жұмыстарын жүргізудің әрбір кезеңінде (тексеру, вакцина туралы ақпараттандыру, вакцинация, бақылау) өз міндеттерін нақты орындады.

Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтарын, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдарды, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлерін қамтиды.

Бұдан басқа, кейін халықтың қосымша осал топтарын қоса отырып, контингентті кеңейту жоспарлануда.

Адамдар неғұрлым  көп вакцинация алатын болса  коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитеті қалыптасқан адамдар саны көбейеді, бұл вакцинацияланбаған адамдар үшін де  ауырып қалу ықтималдығын азайтады. Яғни, ұжымдық иммунитетті неғұрлым тез дамытсақ, соғұрлым тезірек облысымыздың және бүкіл елдің тұрғындары арасында коронавирустың таралуын тоқтата аламыз.

Comments (0)
Add Comment