Жақын арада «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС «ЭкибастузЭнерго» ЖШС-не 240 млн теңге аударуға тиіс деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Орталық Азия Электрэнергетикалық Корпорациясы» АҚ басқарма басшысы Бағдат Орал мәлімдеді.
«Соңғы 2-3 аптада өтемақы төлеудің әділ алгоритмін жасап шығарумен шұғылдандық. Біз қалыпты жағдайдағы электр энергиясын тұтынудың бір айлық көрсеткішін негізге алдық. Екібастұз бір айда 220 млн теңгеге тоқ тұтынады. Сондықтан «ЭкибастузЭнергоға» 240 млн теңге аудару туралы шешім қабылданды», – деді ол.
Қаражат әрбір екібастұздықтардың жеке шоттарына аударылады. Екібастұзда олардың саны – 48 172.
Одан бөлек, зардап шеккен пәтерлерді жөндеу және бұзылған жиһаз бен тұрмыстық техниканың құнын өтеу мәселесі де сөз болды. Бүгінде 424 пәтер жөнделуге тиіс, олардың 52-сінде реттеу жұмыстары жүріп жатыр.
Ал жиһаз бен техникаға келгенде Бағдат Орал екібастұздықтарға барлық квитанциялар мен қираған техниканы сақтау керектігін айтты. Әрбір өтініш жеке-жеке комиссиялық ретпен қарастырылады.
https://turkystan.kz/article/208655-ekibastuz-turgyndaryna-beriletin-otemaky-molsheri-belgili-boldy/