«Апат салдарынан 54 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді. Факт полицияда тіркелді және тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінде.
Айта кетейік, соқтығысу видеоға түсіп, әлеуметтік желіге тарап кеткен. Кадрларда жүргізуші бұрылыста тізгінге ие бола алмай, көлік сырғанап, 4 адамды қағып кеткені, оның екеуі балалар екені көрінеді. Ал полиция тек бір әйел зардап шеккенін айтты.
https://stan.kz/ekeui-balatemirtauda-kolik-zhurgizushisi-tort-zhayau-zh-375584/