Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азия кубогын 5 алтын медальмен бастады

Алматы қаласының «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогы басталды. Қазақстан құрамасы Азия кубогін 5 алтын, 2 күміс және 7 қола медальмен бастады деп хабарлады turkystan.kz.

Жарыстың ашылу салтанатына Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев, Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин және Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) рефери бас директоры Даниэль Ласкау қатысты.

«Бүгін Алматыда Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогін алтыншы рет өткізуге жиналып отырмыз.

Жарысты осындай жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан Алматы қаласының әкімдігіне, еліміздің спорт және мәдениет министрлігіне өзімнің және федерация атынан алғыс айтамын. Бұл жарысты ұйымдастыруда Халықаралық дзюдо федерациясы мен Азия дзюдо одағының қолдауы да ерекше болды. Жарысқа  қатысуға келген алыс-жақын шетелдік құрама командаларға да көп рахмет! Достығымыз жалғасын таба берсін!

Азия кубогі жас дзюдошылардың жұлдызын жағып, жаңа өмірге жол ашады деп сенемін. Барлық қатысушыларға сәттілік, жеңіс тілеймін!», – деп сөз бастады отандық федерацияның президенті Қуанышбек Есекеев.

Алматы татамиінде өтіп жатқан Азия кубогіне Грузия, Греция, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан, АҚШ, Өзбекстан және Қазақстаннан 680 дзюдошы қатысып жатыр.

Алғашқы жарыс күнінде жасөспірім-ұлдар 50, 55, 60, 66 және 73 келі, ал қыздар 40 кг, 44 кг, 48 кг, 52 кг және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады.

https://turkystan.kz/article/219298-dzyudodan-kazakstan-kuramasy-aziya-kubogin-5-altyn-medalmen-bastady/

Comments (0)
Add Comment