Джо Байден алғаш рет Орталық Азиядағы бес елдің президенттерімен кездесу өткізеді

Бұл ақпаратты Джо Байденнің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан мәлімдеді.

Кездесу Нью-Йоркте өтпек. Онда Байден БҰҰ Бас Ассамблеясының жыл сайынғы отырысының «жоғары деңгейдегі аптасына» қатысу үшін барады.

«Президент Орталық Азияның бес мемлекетінің – Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның президенттерімен кездеседі. Бұл С5+1 форматындағы тұңғыш президенттік саммит болмақ», — деді Салливан брифингте.

Ол Украина президенті Владимир Зеленскиймен, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен, Бразилия президенті Лула да Силвамен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесуге ниетті.

 

https://stan.kz/dzho-bayden-algash-ret-ortalik-aziyadagi-bes-eldin-prez-388287/

Comments (0)
Add Comment