Дулат Шалқарбаевтың 100 жылдығына арналып жыр кеші өтті

Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылымт кітапханасында «БІР ӨҢІР – БІР КІТАП» облыстық акция аясында Тараз төріндегі «Жастар» аллеясының «Білім» алаңында Еңбек ардагері, Сарысу ауданының Құрметті азаматы, «Дарабоз» әдеби жабық бәйгесінің бірнеше мәрте жүлдегері, елімізге танымал қаламгер, ақын, журналист Дулат Ахметұлы Шалқарбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Өлеңім — өзім» жыр кешін ұйымдастырылды.

Іс-шараға Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары, Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі, жазушы Пернебай Дүйсенбин және жазушы, драматург, публицист Елен Әлімжан, облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, «Ғұмыр-Дария» газетінің директоры-бас редакторы Жаңабай Миллионов, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ғайни Әлімбекқызы, және Сарысу ауданынан арнайы Дулат Ахметұлының бауыры Мирзамбаев Марқаш бастап келген туған-туыстары, ұлы Берік Дулатұлы мен келіні Балжан Смағұлова, қызы Шалқарбаева Күлпаш, немере інісі Береке Базар, немере-шөберелері, жерлестері қатысты.

Comments (0)
Add Comment