Драма театр актерлары жазасын өтеушілерге қойылым қойды

Тараз қаласында облыстық драма театрының актерлары Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде жазасын өтеушілерге қойылым қойды.

Мәдени кеште Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының қызметкерлері сотталғандардың назарына “Тыңдашы “ поэтикалық композициясын ұсынды.

Жырдан шашу шашқан театр қызметкерлерінің өнеріне тәрті болған жазасын өтеушілер өте жоғары әсер алғандарын жеткізді.

Comments (0)
Add Comment