Досын өлтірді деп айыпталған жасөспірім сотта ақталып шықты

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында досын өлтіріп, ақшасын ұрлады деп айыпталған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қаралды деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы қалалық соты таратқан мәліметке сәйкес, кәмелетке толмаған сотталушы Р. досы С-мен кездесіп, араларында қарызға байланысты жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

Сотталушы Р. досы С-ны аяқ киімінің бауымен буындырып өлтіріп, оның банк картасын ұрлап, дүкенде 28 мың теңгесін жұмсады деп айыпталды.

Сотта прокурор мен жәбірленушілер айыптауды толық қолдап, күдіктіні 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Айыптаушы тарап айғақ ретінде қамауға алынғаннан кейін сотталушының кінәсін мойындағанын, қылмыс құралы – сотталушының ДНҚ ізі табылған жәбірленушінің кроссовкасынан шілтер, жәбірленушінің төлем картасындағы сотталушының сатып алған заттары туралы мәліметтер және басқа да құжаттарды ұсынды.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындамай, кісі өлтіру кезінде жәбірленушінің қоғамдық орында болғанын, оны әртүрлі адамдар көрген деген нұсқаны алға тартты.

Сотта куәгерлер сотталушының олармен бірге ойын алаңында болғанын растады.

Жәбірленушінің сотталушыға банк картасын одан бұрын тапсырғанын да анықтады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы Р. өз кінәсін мойындаудан бас тартып, тексеруде бұл факті растамалғанымен, оған физикалық қысым жасалғанын түсіндірді.

«Алқабилер жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Р-ны кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін кінәлі емес деп танып, қылмыс жасауға қатысқаны туралы айғақтардың жоқтығы үшін ақтады. Үкім заңды күшіне енген жоқ», – деп хабарлады қалалық сот.

https://turkystan.kz/article/218270-dosyn-oltirdi-dep-ayyptalgan-zhasospirim-sotta-aktalyp-shykty/

Comments (0)
Add Comment