Донор болу – үлкен бедел мен құрметке лайықты!


Әлемдегі өркениетті елдердің мәдениетінде қан тапсыру өте маңызды істердің қатарында. Донорлық – адам өмірінің жалғасы, өмірдің символы ретінде және адамдарды байланыстыратын бауырлас және туыстық байланыстарды одан әрі нығайта түсетін бейне ретінде қалыптасқан. Ал құтқарушылар үшін адамдарды апаттан да, қанның жетіспеушілігінен де құтқару бұл егіз ұғым десек қателеспейміз. Олар күн сайын дерлік ТЖ аймақтарында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара жұмыс істей отырып, адамдардың өмірін түрлі апаттардан қорғайды.
Осыған орай, бүгін 2022 жылғы 30 қарашада, яғни ҚР Тұңғыш Президенті күніне байланысты Облыстық қан орталығында Жамбыл облысы ТЖ гарнизонының қызметкерлері қан тапсыру бойынша өткен акцияға қатысты.
Азаматтық қорғау жүйесінің қызметкерлері бұл күні Облыстық қан орталығына табиғаттың баға жетпес сыйын, яғни қазіргі уақытта қанға өте мұқтаж адамдармен бөлісу үшін арнайы келді. Иә, кім біледі, дәл қазір оларды операцияға дайындалып жатқан ауруханалардың пациенттері, ТЖ құрбандары,тіпті көздері жәдіреген науқас балалар да асыға күтіп отырған болар. Ал құтқарушылар өз кезегінде әрқашан да мұқтаж жандардан көмектерін аяған емес.

Comments (0)
Add Comment