Доллар арзандады: 25 сәуірдегі валюта бағамы

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 451- 456 теңгеден саудаланып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451-455 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 452,5-456 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 25 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 456, 34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,62 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,5-5,7 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,48-5,58 теңгеден сатылуда.

https://turkystan.kz/article/220898-dollar-arzandady-25-seuirdegi-valyuta-bagamy/

Comments (0)
Add Comment