Диспансерлік есепте тұрған қазақстандықтар тегін немесе дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды қалай алалады?

Диспансерлік есепте тұрған қазақстандықтар дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды тегін немесе жеңілдікпен ала алады. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну керек, сондай-ақ egov.kz порталы арқылы да өтінім беруге болады. Egov.kz арқылы өтінім беру тәртібі өте қарапайым. Порталда ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөз арқылы авторизациядан өтсеңіз болды. Қызметтің толық атауы — «Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру». Ары қарай қызметті онлайн алу батырмасын басып, дәрігердің берген медициналық рецептісінің берілген және аяқталатын күнін толтырыңыз. 5 минуттың ішінде өтінішіңіздің жауабы келеді. Естеріңізге сала кетейік, дәрілік заттарды тегін немесе жеңілдікпен сатып алғанда науқастың жеке құжаты керек.
Жуалы аудандық
Халыққа қызмет көрсету бөлімі
Как могут казахстанцы, состоящие на диспансерном учете, получить бесплатные либо льготные лекарства и медицинские изделии?
Казахстанцы, состоящие на диспансерном учете, могут получить бесплатные либо льготные лекарства и медицинские изделия. Для этого нужно обратиться в поликлинику по месту жительства или подать заявку через портал egov.kz. Порядок подачи заявки через egov.kz очень прост. Достаточно авторизоваться на портале с помощью ЭЦП или одноразового пароля. Полное название услуги «Предоставление лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, изделий медицинского назначения отдельным категориям граждан». Выбрав ее, заполняете дату выдачи и дату окончания действия рецепта врача. Срок оказания – не более 5 минут. При приобретении лекарственных средств по бесплатным или льготным рецептам необходимо предъявить удостоверение личности, либо свидетельство о рождении больного ребенка.
Отдел Жуалынского района
по обслуживанию населения
Comments (0)
Add Comment