Ұлттық экономика вице-министрі Б.Омарбековтің айтуынша, ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру үшін «Дипломмен ауылға» жобасы жүзеге асырылуда.
Жобаға қатысушыларға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы және 2500 АЕК дейін тұрғын үйге жеңілдікті кредит төлеу түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
«Жобаны жүзеге асыру кезеңінде 2009-2024 жылдар аралығында 114 мыңнан астам маман көтерме жәрдемақы алды, ал 52 мыңнан астам маман тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікті несиелермен қамтамасыз етілді. Бағдарламаға қатысушылардың көпшілігі жастар»,
— деді Б. Омарбеков.